Руханият • 18 Қаңтар, 2022

Тозақ қақпасы

781 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өнерде шекара жоқ. Сіз бұрын есімін естімеген, біз ныспысын білсек те өнерінен бейхабар Огюст Рене Роден жайлы айтпақпыз. Жаңашыл мүсіншінің ойлау дағдысы, таным-таразысы қайран қалдырады. Әсіресе біз мысалға алған мүсіні. Тақырыбының өзінен ызғар есіп тұр. Ал ішіне қарай үңілсеңіз, сіз де бейопа күй кешетініңіз анық.

Тозақ қақпасы

Импрессионист мүсінші Роден үшін мүсіндеуде сезім­дерді, әсерлерді жаңғырту, шынайы дүниені, оның өзгер­мелілігі мен ұтқырлығын бейнелеу маңызды. 1885 жылы үкіметтен Францияның мемле­кеттік мұражайының қақпасын жасауға тапсырыс алған қол­өнер шебері жұмысты үш жылдан кейін барып бастайды. Бірақ ең қызығы шығарманы әдейі аяқтамаған екен. Бүгінде «Тозақ қақпасы» мәңгілік жа­зы­латын жұмыс ретінде тарих­қа енді.

 Роденнің идеясы қашанда стандартты емес, шеңберге сыймайды. Ол өлімнен кейінгі өмірді бір сөзбен жеткізе білген Дантенің «Құдіретті комедия­сына» тәнті болады. Роден ой мен шеберліктің күшін мү­сінге салып, қайталанбас «То­зақ қақпаларын» жасады. Ком­позиция 108 фигурадан тұрады, олардың көпшілігі жеке мү­сіндерге айналып үлгерді. Ком­позициядағы фигуралар жаман­дықтың түрлі нұсқасы болып табылады, олар ақырет есік­терінің алдында тұрары сөзсіз.

Қақпаның орталық бөлігінде ойшылдың тозаққа қарай бет алған күнәһарларға мұңая қа­рап тұрғанын көреміз. Бұл жер­де жағымпаздар, зорлаушылар, өз-өзіне қол жұмсағандар және өсімқорлар берілген. Әр адамның өз кемшілігі бар және соған лайықты ауыр азап күтіп тұр.

Роден қақпа алдында жиырма жеті жыл жұмыс істеді, бірақ қорытындыламады, өйткені мүсін оның алдағы өмірінің жаңғырығы еді. Ол сандарды біріктіріп, орындарын ауыстырумен әбігерленумен болды. Нә­­­тижесінде, шығарма автор қай­­­­тыс болғаннан кейін ғана соң­ғы кеңейтілген нұсқасы не­гі­зін­де құйылды. Бірақ бұл опция Ро­­денді қанағаттандырады деп ешкім айта алмасы анық. Тек уақыт шебер үшін таңдау жасады.

Барельефтік фигуралар мү­сін­шінің эмоционалдылығын көрсетеді. Құдды тыныстап тұрғандай туындыға бейжай қарау мүмкін емес. «Тозақ қақ­палары» таңғалдырады, көп­теген эмоцияға жетелейді. Мұн­да қорқыныш, таңдану, өкініш, шарасыздық бар. Сіз мүсінді көзбен көрсеңіз қандай күй кешер екенсіз…