Аймақтар • 19 Қаңтар, 2022

ШҚО-да республикалық жолдар жабыла бастады

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райы қолайсыздылығына байланысты Қарағанды – Аягөз – Бұғаз республикалық тас жолының учаскесінде қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ШҚО-да республикалық жолдар жабыла бастады

Ауа райының нашарлауына байланысты 19 қаңтарда сағат 14:30-дан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында Қарағанды – Аягөз – Бұғаз республикалық автожолының учаскесінде (296-320 км, Еңбек ауылы – ШҚО шекарасы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство өңірде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

«20 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде тұман, облыстың оңтүстік-шығысында төменгі бұрқасын күтіледі. Қарағандыда 20 қаңтарға қараған түні тұман түседі», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар