Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар Бейбіт Исабаевты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы етіп сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал бұған дейін осы Комитеттің төрағасы болған Мұрат Бақтиярұлы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болып сайланды. Мәулен Әшімбаев Мұрат Бақтиярұлына Комитет төрағасы ретінде атқарған еңбегі, заңнамалық жұмысқа және азаматтарды алаңдатқан өзекті мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Отырыс барысында «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралып, қабылданды. Бұл құжат қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерге осы Келісімге қатысушы елдерге экспорттау кезінде Тізілімге енгізілген мемлекеттік стандартты үлгілерді қосымша сынақтарсыз немесе зерттеулерсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл отандық кәсіпкерлерге өз ақшасы мен уақытын үнемдеуге жол ашады.
«Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасаудың және қолданудың экономикамыз үшін маңызы зор. Бүгін қабылданған келісім – қатысушы мемлекеттер арасында осы бағыттағы келісілген жұмыстарды жүргізуді көздейді. Алдағы уақытта бұл құжат бизнестегі әкімшілік жүктемелерді қысқартуға қызмет етеді. Сондай-ақ, Келісімге қатысушы – ТМД елдері арасында экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық үшін кедергілерді азайтады деп сенеміз», деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар отырыс кезінде сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдап, «қаңтар трагедиясының» себептері мен салдарын талдау және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмалардың іске асырылуын бақылау аса маңызды екенін айтты.
Сенатор Ләззат Сүлеймен бейбіт адамдар әділетсіздіктің құрбаны болмас үшін «қасіретті қаңтар» оқиғасы кезіндегі барлық деректер мұқият зерттеліп, тексерілуі керек екенін айтты. Сондай-ақ ол құқық қорғау органдарына жеткізілген және ұсталған адамдардың қорғауға және білікті заңгерлік көмек алуға қатысты конституциялық құқығын қамтамасыз ету маңызды екенін тілге тиек етті.
Өз кезегінде Айгүл Қапбарова қайғылы оқиға еңбек саласында сапалы өзгеріс қажет екенін көрсетіп бергенін айтып, қазіргі жұмыспен қамту және жастарды жұмысқа орналастыру бағдарламаларын қайта қарау қажеттігіне назар аударды.
Ақылбек Күрішбаев Премьер-Министріне сауал жолдап, ауыл тұрғындарын алаңдатқан проблемаларды сөз етті. Оның ішінде ең маңыздысы жұмыссыздық екенін атап өткен сенатор Палата депутаттары бұл мәселені тұрақты түрде көтеріп жүргенімен оларды шешу үшін Үкімет тарапынан тиісті шаралар қолға алынбай отырғанын айтты.
Мұхтар Жұмағазиев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ауыл шаруашылығы техникаларына қатысты утильдік алым мөлшерлемесін азайту маңызды екенін айтты. Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығы техникасы 80 пайызға дейін тозғанда утильдік алымның қолданыстағы нормалары отандық фермерлерге және жалпы ауыл шаруашылығына елеулі залал келтіреді. Мұның салдары азық-түлік бағасының өсуіне әкеледі.
Өз сауалында Андрей Лукин еліміздегі түрмелерде жазасын өтеушілердің радикалдануына тосқауыл қою үшін нақты шараларды іске асыру керектігін айтты.
Нұржан Нұрсипатов қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан немесе мертіккен жағдайда құқықтық тәртіп қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету және олардың отбасыларын қолдау шараларын жүйелеудің маңыздылығын атап өтті.
Ал, Нұртөре Жүсіп өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мәселесін көтеріп, ұлттық құндылықтарды сақтау және дәріптеудің маңызына тоқталды.
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қазақстан Жазушылар одағында әдеби жыл қорытындысы өтті
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Ұқсас жаңалықтар