Кәсіпқой бокс • 21 Қаңтар, 2022

«Канелоның» Головкинді жеңуіне төрешілер көмектесті – Игнасио Беристайн

1090 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексикалық бапкер Игнасио Беристайн екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, отандасы Сауль «Канело» Альвареске «аңыз боксшы» атағын қимайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Канелоның» Головкинді жеңуіне төрешілер көмектесті – Игнасио Беристайн

«Ол жаттығу залында барынша тер төгеді. «Канело» өте мықты боксшы. Эдди Рейносо оның боксшы ретінде өсуі үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Алайда мен оны бокс тарихындағы үздіктердің қатарына қоса алмаймын. Ол әлі өз мақсатына жету жолында жүр. Ең маңыздысы – мексикалық жанкүйерлердің көңілінен шығу. Осы күнге дейін жеңіп алған чемпиондық белдіктер мен қомақты қаражат «Канелоны» ұлы боксшы қыла алмайды. Альварестің статистикасына әлі де ұлы жекпе-жектер жетіспейді.

Иә, ол барлық шайқасында жеңіп жүр. Стилі үшін мен «Канелоны» құрметтеймін. Альварес Головкинмен жұдырықтасқан кезде оған төрешілер аздап болсын көмектескенін білеміз. Ал мен «Канелоның» ешкімнің көмегінсіз таза жеңіске қол жеткізгенін қалаймын. Аты аңызға айналған боксшы деп мен үлкен Чавесті, Мэнни Пакьяоны айтар едім», деді әйгілі бапкер vRINGe.com сайтына берген сұхбатында.