Мемлекет басшысы жуырда Бейжің қаласында өтетін ХХІV қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының барша спортсүйер қауым үшін айтулы оқиға екеніне тоқталып, Қазақстан осы сайысқа ең үздік спортшыларын аттандыратынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Дүбірлі додада ел намысын қорғау – мәртебелі міндет әрі зор жауапкершілік. Біздің спортшыларымыз Олимпиада ойындарында талай рет жеңіс тұғырына көтерілді. Көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды әуелетті. Сондай сәтте әрбір азаматымыздың кеудесін мақтаныш сезімі кернейтіні сөзсіз. Сіздер алдағы сайыста халқымыздың сенімін ақтайсыздар деп сенемін, – деп жігерлендірді Президент.
Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақстан атлеттерінің қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында жалпы 2 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль олжалағанын атап өтіп, Олимпиада тарихында есімдері алтын әріппен жазылған Владимир Смирнов, Людмила Прокашева, Елена Хрусталева, Денис Тен және Юлия Галышева сынды спортшылардың даңқты жеңістері азаматтарымыздың патриоттық сезімін арттырғанын айтты.
– Алдағы Олимпиадада сіздер де лайықты өнер көрсететіндеріңізге сенімдімін. Паралимпиадашылар үшін де маңызды сәт жақындады. Елімізде инклюзивті қоғамды дамыту жолында Паралимпиада ойындарының маңызы зор. Қазақстандық паралимпиадашылардың жеңістері – мақсатқа ұмтылудың, табандылық пен өз күшіне деген сенімнің үлгісі. Өкінішке қарай, біздің спортшылардың соңғы дайындық күндері қаңтардағы қайғылы оқиғалармен тұспа-тұс келді. Ең бастысы, ынтымақ пен бірліктің арқасында біздің халқымыз мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіретін лаңкестікке лайықты тойтарыс бере алды. Біз бүкіл ел болып ұлттық құрамаға жанкүйер болатын жарыс күндері де жалпыұлттық бірлігімізді көрсететінімізді білемін, деді Мемлекет басшысы.
Президент спортшылардың Олимпиада жолдамасы жолында жанкештілікпен еңбектенгеніне тоқталып, олардың кәсіби тұрғыдан жетіле түсуіне бар күшін салған бапкерлердің де еңбегін атап өтті.
– Енді туыстарыңыз бен жақындарыңыздың ғана емес, миллиондаған қазақстандық жанкүйердің үмітін ақтау керек. Сіздердің жеңіске деген жігерлеріңіз – өскелең ұрпаққа үлгі, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спорты әрдайым еліміздің басым бағыты екенін айтты. Былтырдан бастап өзінің тапсырмасына сәйкес спорт саласындағы мемлекеттік тапсырыстар бойынша жан басына қаржы бөлу іске қосылғанына тоқталды.
– Бұл шешім спорт секциялары мен аула клубтарының дамуына тың серпін берді. Өздеріңіз білесіздер, 2022 жылды Балалар жылы деп жарияладым. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет пен қоғам күш біріктіруі қажет. Қолға алынған осы іс-әрекеттер балаларымыздың денсаулығын нығайтуға, оларды рухани, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуге септігін тигізеріне сенімдімін, деді Президент.
Кездесу соңында Олимпиада құрамасының капитаны Абзал Әжіғалиев пен Паралимпиада құрамасының капитаны Александр Герлиц Президенттің қолынан Мемлекеттік ту алып, ант берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың көк туымызды Олимп шыңына шығарып, мемлекетіміздің мерейін көтере беруіне тілектестік білдірді.
«Әділдікті енді қайдан табамын?»
Қазақстан • Бүгін, 22:57
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Экология • Бүгін, 22:56
Литийдің перспективалы учаскелері бар
Қазақстан • Бүгін, 22:55
Кино • Бүгін, 22:45
Камамберден картинаға дейін...
Өнер • Бүгін, 22:44
Өнер • Бүгін, 22:42
Күре жолдағы көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 22:40
Қоғам • Бүгін, 22:38
Аймақтар • Бүгін, 22:37
Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 22:15
Екі күнде 33 жағдай: Шығыста орман өрті өршіп тұр
Аймақтар • Бүгін, 21:51
Қазақстан Иранмен көлік-логистиканы дамытуда келіссөз жүргізіп жатыр
Үкімет • Бүгін, 21:35
Starbucks кофе желісі Ресей нарығынан кетті
Әлем • Бүгін, 21:12
Елордалықтар «Президенттік хабарландыру» пилоттық жобасына қосылды
Елорда • Бүгін, 20:47
Ақмола облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:22
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр
Қоғам • Бүгін, 20:06
Қазақстан мен Түркия педиатрия саласында бірлескен жобаны іске қосады
Медицина • Бүгін, 19:43
Қазақстандық делегация Орталық Азия жастар форумына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 19:28
Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады
Қоғам • Бүгін, 19:10
«7-20-25» және «Нұрлы жерді» жаңа бағдарлама алмастырады
Қоғам • Бүгін, 18:45
ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды
Оқиға • Бүгін, 18:28
Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:10
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:52
ШҚО-да 26 жыл бұрын жазылған хат өз иесіне жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға қарсы ойнайды
Хоккей • Бүгін, 17:40
Қазақстанда маймылшешек ауруы тіркелген жоқ
Медицина • Бүгін, 17:32
Нью-Йорк метросында атыс болды
Әлем • Бүгін, 17:20
5 адамды өлтірген алматылық атқыш жазасын Қостанай облысында өтейді
Оқиға • Бүгін, 17:17
Францияда туристік ұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 17:00
Қазақстан құрамасы әлем кубогінде 4 медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:53
Польша Ресеймен газ жеткізу туралы келісімді бұзады
Әлем • Бүгін, 16:43
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:34
«Болашақ» бағдарламасының техникалық мамандықтарға грант саны өсті
Білім • Бүгін, 16:30
Филиппинде паром өртеніп, 7 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 16:17
Биыл 92 бала көлік астына түскен
Қоғам • Бүгін, 16:08
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 15:55
Қарағанды облысында 5 адам бруцеллез жұқтырды
Аймақтар • Бүгін, 15:42
Елордада күй жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Елорда • Бүгін, 15:31
Украинаның Жоғарғы Радасы әскери жағдайды ұзартты
Әлем • Бүгін, 15:24
Олжас Сүлейменов жаңа партия құратынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 15:15
Ұқсас жаңалықтар