Жетісуда жұқпалы індеттің екпіні басылмай тұр. Облыс – індет таралымы бойынша «қызыл аймақта». Өткен тәулік аралығында 329 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. 136 науқас ауруханаға бірден жатқызылған. Жалпы, аймақта 804 адам стационарлық ем қабылдап жатқан болса, 69 науқас індеттен жазылып, емханадан шыққан екен.

Дерт жұқтырушылар қатары негізінен Талдықорған қаласы мен Қарасай, Жамбыл, Талғар аудандарында өсіп отыр. Бұл өңірлерде тәулігіне 32 адамнан 43 адамға дейін дәрігерлік көмекке жүгінген екен. Ал облыс ауруханаларындағы төсектік орындар саны 2 мың болса, қазірге дейін оның 40 пайызы науқастарды қабылдаған.
– Өткен үш күнде 5 831 адамның сынамалары ПТР зертханаларында тексеруден өтті. Аймақтағы медицина ұйымдарында 17 компьютерлік томограф, 53 рентген аппараты, 606 өкпені жасанды желдететін құрылғы жұмыс істейді. Оттегі стансаларымен облыстың 17 орталық ауруханасы толықтай қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 818,2 млн теңге бөлінген еді. Сондай-ақ оттегі концентраторларының саны 1 350 данаға дейін жеткізілді, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров.
Бұған қоса облыста коронавирус пневмониясын ерте кезеңде анықтау үшін жаңа цифрлы жүйе енгізілді. Ал облыс ауруханаларында жеке қорғану құралдарының айлық қоры жеткілікті. Осы мақсатта өңірде 1,3 млрд теңгені құрайтын тұрақтандыру қоры құрылып, 51 түрлі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілген көрінеді. Қазір жұқпалы індетпен күресуге барлығы 3 455 медицина қызметкері жұмылдырылып отыр. Оның ішінде 851 дәрігер және 2 604 орта және кіші медицина маманы бар.
Айтпақшы, Алматы облысында 12 жастан асқан тұрғындарды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмысы жалғасуда. Бүгінде аймақ бойынша 318 вакциналау орталығы және 76 жылжымалы бекет жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар облыс тұрғындары ревакциналау курсына белсенді қатысуда. Мысалы, 88 722 адам толық иммундау курсынан өткен. Ал облыста вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны 912 274 адамға жетті, бұл жалпы тұрғындардың 76 пайызын құрайды. Бұған қоса екпенің екінші компонентін 851 309 облыс тұрғыны салдырған, бұл тұрғындардың 71 пайызына жуықтайды.
Алматы облысы
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 21:23
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:40
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Ташкентте коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталықтар қайта ашыла бастады
Әлем • Бүгін, 18:46
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:39
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:33
Елордада BMW X7 көлігі жарық бағанына соғылып, аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:38
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:31
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар