Спорт • 24 Қаңтар, 2022

Спортшыларымыз Тал­линде ел намысын қорғауда

44 рет көрсетілді

Бұл күндері Эстония астанасы – Тал­линде мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» өтіп жатыр. Жа­рыстың алғашқы күнінде ерлер қысқа бағдарлама жарысында бақ сынады.

Бұл сында ел намысын Михаил Шай­доров пен Диас Жирентаев қорғады. Ерлер арасындағы қысқа бағдарлама қоры­тын­дысы бойынша М.Шайдоров 75,96 ұпай жинап, 8-орынға табан тіреді. Ал тағы бір жер­лесіміз Д. Жирентаев 66,92 ұпаймен 12-орыннан көрінді. Қысқа бағдарлама қо­рытындысы бойынша Оңтүстік Корея өкілі Чха Чжун Хван 98,96 ұпаймен көш бас­тап келеді. Екінші және үшінші орынды жа­пониялық спортшылар Казуки Тамоно (97,10) мен Као Муира (88,37) өзара бөлісіп тұр.

Айта кетейік, бұған дейінгі «Төрт құр­лық чемпионатында» екі жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінген болатын. 2015 жылғы додада Денис Тен топ жарса, 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлде иеленген еді.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда троллейбус өртенді

Оқиға • 24 Маусым, 2022

Ұқсас жаңалықтар