Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022

Бір жылда 2 мыңнан астам құқық бұзушылық жасаған

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың 12 айында СҚО-да мыңға жуық рейдтік іс-шара өткізілді. Түнгі рейдтерге ювеналдық полицейлермен бірге білім, денсаулық сақтау саласының өкілдері, криминалдық полиция және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Бір жылда 2 мыңнан астам құқық бұзушылық жасаған

Жыл қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында және үйден тыс жүргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабы бойынша 2373 заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында жүргені үшін аталған мекемелердің 27 иесі, заңды бұзып, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сатқаны үшін 133 дүкен иесі жауапқа тартылды.

Бүгінгі таңда жеке профилактикалық шаралар қабылданған 150 жасөспірім есепте тұр. Қазіргі уақытта баласының тәрбиесіне бейжай қараған 315 ата-ана есепке алынған.

Солтүстік Қазақстан облысы.