Біраз уақыт бұрын WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, америкалық былғары қолғап шебері Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы атанған отандасымыз әлем чемпионы атану мақсаты екенін хабарлады.
«28 қаңтар күні промоутерлік саудаға қатысты мәселе толығымен шешімін табады дегенге сенемін. Бәрі тезірек сәтімен аяқталғанын қалаймын. Өйткені маған әлем чемпионының белдігі керек», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы твиттерде.
Андраде-Әлімханұлы арасындағы шайқасқа қатысты промоутерлік сауда бір емес үш мәрте кейінге шегерілгені мәлім. 15 қаңтарда өтуге тиіс болған алғашқы аукцион уақыты таяғанда 20 қаңтарға, одан кейін 28 қаңтарға ауыстырылған болатын.