Әлем • 26 Қаңтар, 2022

Нидерландыда музейлер спорт кешеніне айналды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерландыдағы музейлер мен театрлардың жетекшілері коронавирустық шектеулерге қарсы наразылық ретінде ғимараттарды уақытша шаштараздар мен спорт кешендеріне айналдырды, деп хабарлайды Egemen.kz bloomberg.com-ға сілтеме жасап.

Нидерландыда музейлер спорт кешеніне айналды

Наразылық Үкіметтің кейбір кәсіпорындарға шектеулерді жеңілдету, музейлер мен театрларды жабу туралы шешімінен кейін басталды.

Бұл елдің шығармашылық ойын тежейтінін ескерген олар шеруге қатысу туралы шешім қабылдады. Бірнеше күн бойы Амстердамдағы Ван Гог музейі шаштараз, ал Харлемдегі Франс Холс музейін спорт кешені ретінде қолданылды.

Асель Жигитова, 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті.