Аймақтар • 26 Қаңтар, 2022

Семейде Ертіс өзенінің су деңгейі көтерілді

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде Ертіс өзенінің Бейбітшілік аралы маңында су деңгейі көтерілген, деп жазады Egemen.kz.

Семейде Ертіс өзенінің су деңгейі көтерілді

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 2022 жылы ауа райының жылдағыдан жылы болу әсерінен Ертіс өзенінде мұз жамылғысы кеш қалыптасып, соның салдарынан су деңгейінің көтерілуі байқалғанын мәлімдеді.

«2022 жылдың 24 қаңтарында Ертіс өзенінде су деңгейі 363 см-ге дейін көтерілді. Жауапты мекеме жер үсті жағалауын тұрғызды. Тұрғын үйлерді су басқан жоқ. Судың бәрі шабындық алқапқа жіберілді. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімінің әскери қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, топырақ үйіндісі орнатылып, қосымша 120 текше метр инертті материал әкелінген», деп мәлімдеді өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі су деңгейіне мониторинг жасау жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын, қазіргі уақытта су деңгейі 37 см-ге төмендеп, үйлерді су басу қаупі жоқ екенін жеткізді.