Сағат 19:23-те ТЖД күштері Төле би көшесі, 177б мекенжайы бойынша жоғары шақыру дәрежесіне шықты.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ескі ғимараттың жанып жатқанын анықтады. Жалынның көрші ғимаратқа өту қаупі болды.
«Өрт орнында өрт сөндірудің екі учаскесі құрылды, қызыл от оңтүстік және солтүстік жағынан оқшауланды. Автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды. Осылайша, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Оқиға орнына 10 бірлік техника, 50 жеке құрам жұмылдырылды», деп түсіндірді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сағат 20:35-те толықтай ауыздықталды.