Президент • 28 Қаңтар, 2022

Тоқаев: Тұңғыш Президентіміз елімізге зор еңбек сіңірді

1961 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтіп жатыр. Құрылтай барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билік партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев: Тұңғыш Президентіміз елімізге зор еңбек сіңірді

Саяси кеңесте сөз алған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білемін. Осыған байланысты Мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді.

Біз бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек. Мемлекетімізді нығайтып, кез келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық», деді.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша Орталық Азия өңірінде алдыңғы қатарға шыққанын айтты.

«Тұтастай алғанда, Қазақстан нарықтық экономикаға айналып, өзінің бейбітсүйгіштігі мен халықаралық міндеттемелерді берік ұстанатынын мәлімдеп, әлемдік қауымдастықтағы беделді, құрметті елге айналды. Әлемдік қауымдастықта ол ядроға қарсы жаһандық қозғалыстың көшбасшысы деп аталады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша Орталық Азия өңірінде алдыңғы қатарға шыққанын ұмытпау керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.