«Барлық басталған істің аяғы баянды болады. Күте тұруға мәжбүрміз. Ең бастысы мен әлем чемпионы атағына таласамын. Бізге сол белдік керек», деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасына.
Естеріңізге сала кетейік, бүкіләлемдік бокс ұйымы Деметриус Андраденің ойлануына тағы да бес күн уақыт беріп, промоутерлік сауданы кейінге ысырған болатын. Өз кезегінде Деметриус Андраде екінші орта салмаққа көтеріліп, уақытша чемпион атағы үшін ұлыбританиялық Зак Паркермен жұдырықтасуға ниеттеніп отыр.