Әңгіме ең алдымен Алматы қаласында орын алған оқиғаларға қатысты өрбіді. Бұл жерде Қасым-Жомарт Тоқаев террористік шабуылдардың ұйымдасқан сипатын айғақтайтын кейбір жайттар туралы айтып берді. Оларды өткізу үшін гастарбайтерлер ретінде Алматы әуежайына арнайы дайындалған содырлар тобы келіп, шекаралық бақылаудан өткен. Бұған қатысты Президент: «Бұл нағыз соғыс болды», деді. Бейбіт шерулердің артында тонаушылар мен бұзақылар, содан кейін қарулы бандиттер тұрды.
Журналистің осы шабуылдардың ұйымдастырушысы кім екендігі туралы сұрағына орай Президент тергеудің аяқталуын күткен жөн екенін айтты. Бұл қасіретті қаңтардағы оқиғалардың толық көрінісін беруі керек құқық қорғау органдарының миссиясы деп санайтынын жеткізді. Бұл, әрине, оған тән дипломатиялық тәсіл – асығыс қорытынды жасамау.
Президент қиын-қыстау сәтте оқу-жаттығуларда пысықталып, қағазға жазылған тетіктер «істен шықты» деп батыл айтты. Іс-қимылдың нақты алгоритмі болған жоқ, күштік ведомстволардың кейбір басшылары қажетті шешімдер қабылдамағанын айтты.
Ол сондай-ақ ақпарат «майданындағы» сәтсіздікті мойындады. Президент тапсырмалары халыққа дұрыс түсіндірілмегенін жеткізді.
Мемлекет басшысы бұл күндері қиын шешімдер қабылдауға тура келгенін атап өтті. Менің ойымша, кез келген инсинуация аясында бұл оның өмірлік тәжірибесі, жоғары мәдениеті мен ақыл-ойынан хабар беретін қиын шешім болды.
Елге, азаматтардың қауіпсіздігіне жауапты Президент ретінде ол жағдайды өзгертуге және конституциялық тәртіпті қалпына келтіруге ықпал ететін шешімдер қабылдау керегін жеткізді. ҰҚШҰ бітімгершілік контингентін Қазақстанға шақыру бір жағынан күтпеген және тиімді шешім болды. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ол жағдайды тұрақтандыруда психологиялық рөл атқарды.
Қасіретті қаңтар сабақтарын ескере отырып, Мемлекет басшысы кез келген қиындықтағы сын-қатерлерге жауап беретін ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру қажеттігі туралы мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев дипломат және тәжірибелі саясаткер ретінде ел экономикасы мен оның азаматтарының игілігі үшін бейбіт ынтымақтастық қағидаттарына берік екенін растады.
Ол кадрлық тағайындауларға да тоқталып, оның барлығы тек басшылардың құзыреті мен іскерлік қасиеттерін ескере отырып жасалатынын айтты.
Президент парламенттік және партиялық жүйені өзгерту туралы ойымен бөлісті. Яғни экономикалық қайта құрулармен қатар, саяси реформалар да жоспарда тұр. Демек бұл – қос реформа қатар жүреді деген
сөз.
Осы қиын-қыстау күндерде Мемлекет басшысы бірнеше рет эфирге шығып, кәсіпкерлермен кездесуге, Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына, Nur Otan партиясының съезіне, Мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысты. Мұның барлығы, әрине, оның жауапкершілік сезімі және жағдайды объективті бағалауға, бастысы көруге және ақылға қонымды шешімдер қабылдауға көмектесетін ерекше саяси тәжірибесін аңғартады.
Біз, өз кезегімізде, осыны ұғына отырып, Президент жариялаған экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Бұл ретте болашақ үшін қайта құрулар жолындағы сенімді негіз болатын бірлік пен тұтастықты көрсету маңызды.
Юсуп КЕЛИГОВ,
ҚХА Кеңесінің, Нұр-Сұлтан қалалық Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі