Қоғам • 31 Қаңтар, 2022

Мұнай өнімдерін ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарынан мұнай өнімдері мен материалдық құндылықтарды ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

Мұнай өнімдерін ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен Түркістан облысы Полиция департаменті Созақ ауданында «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарынан аса ірі көлемдегі жанар-жағармай мен басқа да материалдық бағалы заттарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Қылмыстық топ құрамына оннан астам адам кірген. Оның ішінде сотталғандар мен деструктивтік діни ағымдарға қатысы бар адамдар болған. Олар ай сайын он миллион теңге көлемінде мүлік ұрлаумен айналысқан.

Сондай-ақ олар бопсалау, кәсіпкерлерге «қамқорлық жасаумен» айналысқан. Криминалдық ортада өздерінің ұстанымдарын нығайту үшін қару қолдана отырып, есеп айырысулар жасаған.

«Тінтулер барысында қылмыскерлерден есірткілер, атыс қаруы, күмәнді діни әдебиет, қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат, «қара бухгалтерия» блокноттары және «Қазатомпром» кәсіпорындарынан ұрланған материалдық бағалы заттар табылды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 197 (Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және сатып алу), 287 (Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, сату және сақтау) және 296 (Есірткі құралдарымен заңсыз іс-әрекет) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қалған фактілер бойынша дәлелдер жинау жүргізілуде», деп жазылған хабарламада.

Барлық жедел іс-шаралар прокурордың санкциясымен жүргізілді, кінәлі адамдар ұсталды және соттың санкциясымен тергеу изоляторына енгізілді.