Әлем • 01 Ақпан, 2022

Армения Президенті отставкаға кетті

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Армения Парламентінің Спикері Ален Симонян Президент Армен Саркисянның отставкаға кетуі туралы мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Армения Президенті отставкаға кетті

Тиісті құжат елдің заң шығарушы органының Facebook парақшасында жарияланды.

«Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянның өкілеттігі тоқтатылды деп саналсын», делінген хаттамада.

Еске сала кетсек, Саркисян 23 қаңтарда отставкаға кеткенін мәлімдеді.

Армен Саркисян Арменияның Президенті лауазымына 2018 жылы сайланды. 2015 жылғы конституциялық реформалардан кейін ел парламенттік басқару формасына көшті. Осылайша, Президенттің өкілеттіктері тек өкілдік болып табылады, оны Парламент жеті жыл мерзімге сайлайды.

Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы бос орын ашылғаннан кейін 25 күннен ерте емес және 35 күннен кешіктірілмей өткізіледі.

Сайлауға дейін Президент міндеттерін парламент спикері атқаратын болады.