Қоғам • 01 Ақпан, 2022

Қамалғандарды азаптады деген күдікпен 12 полицейдің үстінен іс қозғалды

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Аманат қоғамдық комиссиясының төрағасы, адвокат Абзал Құспан Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қамалғандарды азаптады деген күдікпен 12 полицейдің үстінен іс қозғалды

Оның айтуынша, қамалғандарды азаптау тергеу изоляторына әкелгенге дейін болған.

«Қамауда отырғандармен кездескенде құқық қорғаушылар тарапынан азаптау болғаны айтылды. Ол негізінен алғаш ұсталғанда, одан кейін уақытша ұстау изоляторында болғанын анықтадық. Кейін тергеу изоляторына ауысқан соң ұрды-соқты деген шағым болмады. Қазір Алматы прокурорларымен 12 полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол іс Антикордың өндірісінде қаралып жатыр», деді Абзал Құспан.

Айта кетейік, Аманат қоғамдық комиссиясының қаңтар оқиғасы кезінде жазықсыз ұсталған азаматтарды анықтап, оларды қамаудан шығару бағытында құрылған.