Кәсіпқой бокс • 01 Ақпан, 2022

Бетербиев әлем чемпионымен кездесуі мүмкін

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBC, IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, ресейлік боксшы Артур Бетербиев өз салмағындағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, америкалық былғары қолғап шебері кіші Джо Смитпен кездесуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бетербиев әлем чемпионымен кездесуі мүмкін

Соңғы деректерге сенсек, қазір тек қаржы мәселесі ғана шешімін таппай тұрған көрінеді. Ұйымдастырушы тарап Джо Смитке 1,5 миллион доллар ұсынған. Ал Смит болса саудаласып, қосымша 300 мың доллар сұрап отыр екен. Смиттің қосымша көп ақша сұрамағанына қарасақ, шайқасты өткізуге мүмкіндік мол екенін түсінеміз.