Қоғам • 02 Ақпан, 2022

Халық ертегілері Youtube-те қолжетімді

812 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен алғаш рет «Қазақстан халқы ертегілері» атты Қазақстан этностарының халық ертегілері жинағы жарық көрді.

Халық ертегілері Youtube-те қолжетімді

Аталған жинақ мемлекеттік тілде екі томда шығарылды және 4-7 мен 8-11 жастағы бала­ларға арналған. Кітапқа еліміз­дің 25 ірі этносының 114 халық ертегісі енді, оның ішін­де орыс, өзбек, корей, не­міс, чешен, ингуш және бас­қа да этностардың ертегілері бар.

Жобаны дамыту шеңберінде «Қоғамдық келісім» РММ қо­ғам­дық белсенділердің қол­дауымен «Ертегілер әлемі» аудиоподкастын бастады, бас­­тама аясында ертегілер ды­быста­лып, аудионұсқалары YouTube видеохостингіне жүк­телді және iOS, Android мо­биль­ді жүйелерінің негізінде жұмыс істейтін танымал аудио-алаң­дарда орналастырылуда.

Қазіргі уақытта ертегілердің төрт аудиожазбасы жарияланды.