Қоғам • 03 Ақпан, 2022

1,1 млн адамға – 338,8 млрд теңге

175 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2021 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,1 млн адам жалпы сомасы 338,8 млрд теңгеге әлеуметтік төлемдер алды.

1,1 млн адамға – 338,8 млрд теңге

Еңбек ету қабілетінен айы­рыл­ған жағдайда МӘСҚ-тан төле­нетін әлеуметтік төлем бюд­жет қаражатынан төле­не­тін мүге­дек­тігі бойынша Мемле­кет­тік әлеуметтік жәрде­мақыға қо­сымша міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесінің (бұдан әрі – МӘСЖ) қатысушысына тағайын­далады. Төлемді тағайын­дау үшін мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жүгінуге болады. 2021 жылы бұл төлемді 26,9 млрд теңге сомасына 94,7 мың адам алды.

Асыраушысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеу­меттік төлем бюджет қара­жа­тынан төленетін асыраушы­сынан айырылу бойынша мем­ле­кеттік әлеуметтік жәрдем­ақыға қосымша қайтыс болған МӘСЖ қатысу­шысының асырауындағы адам­­дарға тағайындалады. Тө­лем­­ді тағайындау үшін «Аза­мат­тарға арналған үкімет» мемле­кет­тік корпорациясы» КеАҚ-ға (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) жүгінуге болады. 2021 жылы бұл төлемді 17,7 млрд тең­ге сомасына 57,7 мың адам алды.

Жұмысынан айырылған жағ­дайда МӘСҚ-тан төленетін әлеу­меттік төлем жұмыссыз ре­тін­де тір­келген МӘСЖ-ға қа­тысу­шы­ға тағайындалады. Төлем­ді тағайындау үшін:

- егер адам жұмыссыз ретінде тір­келсе, Мемлекеттік корпо­ра­ция­ға;

- жұмыссыз ретінде тіркелген кезде Халықты жұмыспен қамту орталығына;

- жұмыссыз ретінде тір­кел­гені туралы мәлімет болған жағдайда egov.kz веб-порталы арқылы;

- «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы (enbek.kz) жүгінуге болады.

Аталған төлем МӘСЖ-ге қа­ты­су өтіліне байланысты 1 ай­дан 6 айға дейінгі кезеңге тағайын­далады. Төлем мөлшері соңғы екі жылдағы орташа та­быстың шамамен 40%-ын құрай­ды. 2021 жылы бұл төлемді 16,2 млрд тең­ге сомасына 105,7 мың адам алды.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жұмыс беруші белгілеген жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық па­рағы негізінде МӘСЖ-ге қаты­са­тын жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады.

Бұл төлемнің мөлшері соңғы 12 айдағы МӘСҚ-қа әлеуметтік ауда­рымдар төленген табыстарға және еңбекке жарамсыздық парағына сәйкес еңбекке жарам­сыз­дық күндерінің санына байланысты болады. 2021 жылы бұл біржолғы төлемді 225,5 мың бола­шақ ана жалпы сомасы 123,6 млрд теңгеге алды.

Сондай-ақ 2021 жылы 662,8 мың алушыға 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан жалпы сомасы 154,5 млрд теңгеге ай сайынғы әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

Бұл төлемнің мөлшері соң­ғы 2 жыл ішіндегі МӘСҚ-қа әлеумет­тік аударымдар төленген орташа айлық табыстың 40%-ын құ­райды. Заңнамада төлемнің ең төменгі мөлшері – міндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – МЗЖ) сомасына қосымша аударумен 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ұқсас ай са­йын­ғы мемлекеттік әлеу­мет­тік жәрдемақы деңгейінде белгі­лен­ген. Төлемнің ең жоғары мөлшері – тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінің 40%-ынан аспайды, яғни 2022 жылы – 168 мың теңге.

«Асыраушысынан айырылған жағдайда» қоспағанда, жоғарыда көр­сетілген тағайындалған әлеу­меттік төлемдерден МЗЖ ұс­та­лып, алушының Бірыңғай жи­нақ­таушы зейнетақы қорына ауда­рылады.

МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем­дер­ді тағайындау тәсілде­рінің бірі – азаматтардың мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өті­ні­шінсіз проактивті форматы. Мұндай жағдайларда азамат­тар­дың ұялы телефонына төлем­дер­ді ресімдеуге қатысты sms-хабарлама келеді, оған келісім беру қажет.

Проактивті қызмет көрсеті­ле­тін қызметті алушының ұялы бай­ланысының абоненттік құ­рыл­ғысының телефон нөмірі Элек­трондық үкімет порталында (egov.kz) тіркелген, әлеуметтік тәуекелдің туындағаны туралы ақпараттық жүйелерден мәліметтер алған, соңғы 24 айда, ал жүктілігі мен босануы бойынша соңғы 12 айда МӘСҚ-қа келіп түскен әлеуметтік ауда­рым­дар­дың, сондай-ақ банк шоты­ның нөмірі болған жағдайда көр­се­тіледі.

Сондай-ақ баланың туу тура­лы куәлігін алғаннан кейін, элек­трон­дық цифрлы қолтаңба бол­ған жағдайда 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді egov.kz арқылы ресімдеуге болады.

Бұл ретте тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берудің дәс­түрлі тәсілдері қағаз ныса­нында құ­жаттарды беруге ыңғай­лы адам­дар үшін де қолданылады.

МӘСҚ-тан төленетін бар­лық төлем туралы толық ақпа­рат­пен www.gfss.kz интернет-ресурсынан білуге болады.