Қазақстан • 03 Ақпан, 2022

Шекарашылар теңізде жауынгерлік ату бойынша жаттығу өткізді

819 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен әскери құрылымдарының жауынгерлік дайындығын арттыру туралы тапсырмасын орындау маңызды міндет, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекарашылар теңізде жауынгерлік ату бойынша жаттығу өткізді

Осы орайда Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті теңіз бөлімшелерінің күнделікті қызметті ұйымдастыруы және кемелер мен катерлердің ұрысқа немесе жорыққа дайындығын тексеру бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Жауынгерлік тапсырмаларды орындау мақсатында шекара кемелерінің экипаждары бірлесіп, жүзу оқу-жаттығуларын өткізіп, түнгі және күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда теңіз және жағалау нысандары бойынша артиллериялық оқ атуды пысықтады. Жеке құрамның алдына қойылған міндеттер толық көлемде және сәтті орындалды.