Жолда көлікпен жүру – үлкен тәуекел. Жеңіл-желпі жол-көлік оқиғалары да болмай тұрмайды. Ондай кезде өз құқығыңды білу, сол құқық аясында әрекет ету аса маңызды. Осы ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі егер кінәлі азамат оқиға орнынан ізін жасырса, сақтандыру төлемін қалай алуға болады деген сауалға жауап береді.

Әлбетте, егер кінәлі тұлға жол-көлік оқиғасы үшін өзінің жауапкершілігін білетін және мойындайтын болса, онда сақтандыру төлемін алу қиындық тудыра қоймайды. Тек барлық ресми рәсімдерді сақтау керек. Өкінішке қарай, кінәлі жазадан қорқып, оқиға орнынан кетіп қалатын жағдайлар да бар. Бұл жағдайда зардап шеккен тарапқа не істеу керек?
Қазақстанда 2003 жылдан бастап Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жұмыс істейтінін көпшілік біледі. Қордың акционерлері – сақтандыру ұйымдары. Сондықтан нысан коммерциялық емес негізде жұмыс істейді. Қор сақтандыру ұйымдарын тарату кезінде сақтанушыларға кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша, оның ішінде міндетті автосақтандыруға (КҚИ АҚЖМС) жататын сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кепілдігін қамтамасыз етеді. Бірақ қордың функциялары мұнымен шектелмейді.
«Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам белгісіз болғанда және оқиға орнынан қашып кеткен жағдайда, қор жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Бұл мақсат үшін сақтандыру ұйымдарының міндетті жарнасының есебінен арнайы резерв қалыптастырылған. Қор зардап шеккен адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілген жағдайда ғана сол зардапты өтеу үшін төлемдерді жүзеге асырады. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Қордан мұндай төлемдерді алуға Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқығы бар» делінген агенттіктің мәлімдемесінде.
Бекітілген талап бойынша, егер жәбірленуші қайтыс болса онда төлем мөлшері 1 000 АЕК болады, ал денсаулыққа ауыр зиян келген жағдайда 500 АЕК көлемінде сақтандыру төлемі беріледі. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда төлемді алу құқығы заң бойынша қайтыс болған адамның мұрагерлеріне ауысады. Жәбірленушіні жерлеу үшін жұмсалған шығындарды да қор жерлеу рәсімін жүргізген адамға төлеуге міндетті. Оның мөлшері – 100 АЕК. Қорға мұндай төлемдерді алу бойынша талапты сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап бір жыл ішінде қоюға болады.
Дәл осы мәселелер бойынша тиісті ақпаратты қордың ресми сайтынан (ipgf.kz) білуге болады.
10 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
«Восточный» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді
Спорт • Бүгін, 10:25
Қытай мен Өзбекстанға рейстер саны артты
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты
Қаржы • Бүгін, 10:07
Қазақстан мен Түрікменстан арасында көпір бой түзеді
Әлем • Бүгін, 10:00
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар