Қысқы спорт • 04 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Қазақстан спортшыларының формасы ең стильді киім деп танылды

999 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Олимпиада комитеті Бейжіңдегі қысқы ойындардағы ұлттық құраманың үздік сәнді киім үлгісі тізімін жариялады. Үздіктердің қатарына қазақстандық спортшылардың киім үлгісі кірген, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бейжің-2022: Қазақстан спортшыларының формасы ең стильді киім деп танылды

«Қазақстан сән сынынан өтті», делінген ХОК мәлімдемесінде.

«ZIBROO спорттық киімінің қазақстандық өндірушісі ресейлік дизайнер Дмитрий Шишкинмен Бейжің 2022 үшін ынтымақтасқан. Топтаманың көк және ақ түстері мұз бен қарды бейнелейді, ал қара түс сәттілікті білдіреді», деп атап өтті Халықаралық Олимпиада комитетінен.

Сондай-ақ ХОК өз шолуында Forbes журналына сілтеме жасап, қазақстандық спортшылардың киімін «ең жақсы сән дипломатиясы» деп атады.

Бұған дейін америкалық басылым Қазақстанның Олимпиадалық формасын да Бейжіңдегі ойындарда ең стильді киімдер рейтингіне қосқан болатын.

Қазақстанмен қатар Халықаралық Олимпиада комитеті мен Forbes АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция және Германия спортшыларының образдарын ерекше атап өтті.

Өткен жылы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың киімі үздік сән үлгісі деп танылған еді.

Еске салсақ, Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанаты бүгін етеді. Онда Қазақстан құрамасының өкілдері Абзал Әжғалиев пен Екатерина Айдова мемлекеттік туды ұстап шығады.