Медицина • 08 Ақпан, 2022

Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

939 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып, жалақылары 20-30%-ға көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Премьер-Министрдің сөзінше, денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы жақсартылады.

«Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып, жалақылары 20-30%-ға көтеріледі. Студенттердің стипендиялары 20%-ға, магистранттар, докторанттар мен резиденттердің стипендиялары 15%-ға көбейеді», деді Смайылов.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов ауылдық жерлерде кемінде 80 денсаулық сақтау объектілерін салу көзделіп отырғанын жеткізді.  Оның ішінде 4 инсульт орталығы және 10 балаларды оңалтуға арналған орталық ашылады.