Спорт • 09 Ақпан, 2022

Қысқы Олимпиада: Шаңғы қоссайысынан ерлер арасындағы бәсекелер басталды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шаңғы қоссайысынан ел намысын Шыңғыс Ракпаров қорғап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қысқы Олимпиада: Шаңғы қоссайысынан ерлер арасындағы бәсекелер басталды

Алдымен спортшылар шаңғымен тұғырдан секіруден сынға түсті. Қазақстандық Шыңғыс Ракпаров 79.5 метрге секіріп, қорытынды есепте 69.9 ұпай иеленді.

Гундерсон жүйесіне сәйкес, шаңғымен жарысуға ол 38-ші болып шығады. Ракпаров көшбасшыдан 4 минут 12 секундқа қалып қойған.

Айта кетейік, әзірге жапониялық Риота Ямамото алда келеді. Ол 133 ұпаймен көш бастап тұр. 

Сонымен қатар, бүгін шорт-тректен отандастарымыз мұз айдынына шығады. Аталған сайыста Ольга Тихонова, Әділ Ғалиахметов және Денис Никиша жарыс жолына шығады.