Әкімдікке келген әйелдер Жаңаөзен қаласынан Ақтау қаласына қоныстандыру бағдарламасы бойынша 2019-2022 жылдар аралығында жалға берілген пәтерлерін жекешелендіріп беруді талап етті. Сондай-ақ, пәтерді жалға алу және коммуналдық қызметтер үшін төленетін төлем ақысын алып тастау туралы талаптарын айтты.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалға берілетін тұрғын үй жекешелендіруге жатпайтынын түсіндірді.
- Ақтау қаласында жалға берген пәтерлердің жалға алу мерзіміне шектеу қойылмайды. Егер келісім шартта тіркелген адам қайтыс болған жағдайда, жалға алу келісім-шарты қалған отбасы мүшелеріне ұзартылып беріледі. ҚР қолданыстағы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы бойынша, Сіз тұратын пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз беріледі, жалға берілетін тұрғын үй жекешелендіруге жатпайды. Коммуналдық қызметтерге қатысты-егер сіздің табысыңыз төлемді толық өтеуге мүмкін болмаса, онда «тұрғын үй қатынастары» туралы Заңға сәйкес қажетті құжаттар пакетін жинап,Сіз тұрғын үй көмегін ала аласыз, - деді Нұрлан Ноғаев.
Тұрғын үйді жалдау ақысы тұрғын үйдің квадратына байланысты 8-ден 12 мың теңгеге дейін өзгереді.
Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары да қатысып, жиналғандарды комиссия жұмысын жалғастыруға шақырды. Мәслихаттың бірқатар депутаттары аналар көтерген мәселелерді қарау үшін Парламентке хат жолдады.
Кездесу қорытындысы бойынша комиссия жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылданды.
9 ақпанда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Ақтаудан жалдамалы тұрғын үй алған Жаңаөзен қаласының бір топ тұрғынмен, сондай-ақ Ақтау қаласының көп балалы аналарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше