Білім • 10 Ақпан, 2022

Қазақстан колледждері академиялық еркіндікке ие болды

234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова колледждерде студенттерді оқыту форматы біршама өзгергенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан колледждері академиялық еркіндікке ие болды

«Оқу орындарына академиялық дербестік беріледі. Мәселен, бұрын Білім және ғылым министрлігінің өзі барлық салалар үшін барлық білім беру бағдарламаларын әзірлейтін. Мысалы, аспазшы біліктілігін алу үшін үш жыл оқу керек болды. Сонымен бірге, түлек болашақта қайда жұмысқа орналасуды жоспарлағанына қарамастан-мектеп асханасына немесе Мишелин мейрамханасына, бағдарламаның мазмұны мен оқу мерзімі бірдей болды. Енді білім беру бағдарламасын колледждер жұмыс берушімен бірлесіп дербес әзірлейді», деп түсіндірді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Оның айтуынша, білім беру бағдарламасы міндетті түрде кәсіби стандартқа негізделуі тиіс. Бұл нарықтың немесе жұмыс берушінің маман даярлау деңгейіне қойылатын талаптарын білдіреді.

Сондай-ақ, ол колледждерде оқу мерзіміне қатысты тағы бір жаңалығын хабарлады.

«Егер бұрын ҚР БҒМ оқу мерзімін қатаң реттесе, енді бұл норма жоқ. Яғни, білім беру бағдарламасы мен оқу мерзімдерін жұмыс беруші колледжбен бірлесіп анықтайды, бұл ретте мамандық, шығарылуы немесе дайындалуы қажет құзыреттілік деңгейі және қажетті оқыту нәтижесі ескеріледі. Бүгінгі таңда барлық колледждердің міндеті - бұл өз жұмысына жұмыс берушілерді, еңбек нарығынан қанша, қандай деңгей мен сапалы мамандар қажет екенін нақты білетін мамандарды белсенді тарту. Бұл талапты біз білім беру бағдарламаларына - бүгінгі күні басталған үлкен жүйе құраушы, маңызды қадамға қойып отырмыз», деп қосты Насымжан Оспанова.