Қоғам • 10 Ақпан, 2022

Қаржы хакерінен сақтану әдістері

1005 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Цифрлы технологиялардың дамуымен бірге алаяқтар да қалыспай, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып жатыр. Тіпті алуан түрлі айласын көріп, естіп жағаңды ұстайсың және осынау әбжілдік пен өнер­тап­қыштықты адал іске бағыттаса қандай цифрлы революция туды­рар еді-ау деп таңырқайсың.

Қаржы хакерінен сақтану әдістері

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «EQ»

Адамдардың аңқаулығы, сен­гіштігі, қаржылық сауа­ты­ның төмендігі алаяқ­тар үшін таптырмас «қасиетке» айналып отыр. Олар телефон нө­мір­лерін ауыстыру, вишинг, фишинг және тағы да сол сияқ­ты сервистерді белсенді пай­да­ланып, қулықтарын іске асы­ру­ға тырысады. Осы орайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірқатар алаяқ­тық түрлерін мәлімдейді және одан қорғанудың әдіс-тәсілдерін ұсы­на­ды.

«Қауіпсіз» шот

Алаяқтар зейнеткерлерге телефон соғып, өздерін банк қызметкері деп таныстырып, оның карточкасынан бейтаныс біреулердің ақшаны шешіп алуға әрекет жасағаны жөнінде айтады. Ол үшін клиент өз қаражатын дереу қауіпсіз шотқа ауыстыруы қажет деп, ізінше: клиенттің интернет немесе мобильді бан­кингті қолдана алу-алмауын нақтылайды; Өзінің зейнетақы ақшасын немесе шәкіртақысын қа­шық­тан қалайша аудару болатыны жөнінде нұсқау береді; Телефонына қосымшаны жүк­теуді ұсынады немесе ақша­ны дереу банкомат арқылы аударуға кеңес береді.

Кеңес

Телефон алаяқтары қарт адам­дар­дың сеніміне кіру үшін барлық айла-шар­ғы­лар­д­ы қолда­нады. Мұндай жағ­дай­да ең бірінші – әңгімені тоқтатып, сізге қызмет көрсететін банкке те­лефон соғу қажет. Банктің байланыс нөмірі кар­точканың артқы бетінде жазылып тұ­ра­ды.

Ешқашан қоңырау шалу­шы­ның қандай да бір нұсқауын орындамаңыз. Яғни ақша аудар­маңыз, күмәнді қосым­ша орнатпаңыз, SMS арқылы кел­ген сілтемеге кірмеңіз, дербес дерек­те­ріңізді, карточканың деректерін (CVC/CVV-код, растау кодтары және пин-код) ешкім­ге ха­барламаңыз. Есіңізде болсын, банк қыз­меткерлері, колл-орталық опера­тор­ла­ры мұндай ақпаратты ешқашан телефон арқылы сұрамайды.

Жалған кредит ресімдеу

Сізге банктің атынан хабар­ласып тұр­мыз деп қоңырау шалып, N сомаға кредит ресім­деуге өтінім берген-берме­ге­ніңізді нақтылайды. Егер сіз шын мә­нін­де өтінім бермеген бол­саңыз, онда алаяқтардың сіз­дің атыңыздан кредит алмақ ойлары бар.

Олар мынадай схемамен жұмыс істейді: сізге шұғыл шаралар қабылдау және олардың нұсқауын орындау қажет­ті­гін айтады. Бұл үшін ұялы телефоныңызға орнататын және де­рек­теріңіз қорғалатын қосымшаға сіл­те­ме жібереді. Бағдарламаны жүкте­ген­нен кейін телефоныңызға SMS немесе электронды пошта арқылы хабарлама келеді, содан кейін банктің жалған қызметкері кодты атауды сұрайды және өкінішке қарай, кредитті беріп үл­­гер­генін, бірақ алаяқтар ақшаға қол жет­кізе алмағанын хабарлайды. Содан кейін алаяқ өзі айтқан басқа шотқа осы ақшаны аудару арқылы ақшаның өзі­ңіз­де қалатындығына сендіреді.

Кеңес

Кредит «ресімделді» деген банктің филиалына қоңырау шалыңыз немесе барыңыз және жағдайды шешу үшін мүм­кін­ді­гінше жедел түрде ресми өтініш жазыңыз. Өтініштің кіріс нөмірі бар көшірмесін мін­­детті түрде алыңыз. Сізге қоңырау шалған нөмірді банктің қауіпсіздік қызметіне хабарлауды, сондай-ақ құқық қорғау органдарына өтініш жазуды да ұмытпаңыз.

«Фейк» аударма

Банк картаңызға белгілі бір ақша сома­сының аударылғаны тура­лы SMS келді. Ізінше олар сізге белгісіз нөмірден қо­ңы­рау ша­лып, ақшаның қате ауда­рыл­ға­нын айтып, сізден кері аударуды сұрайды. Алаяқтар өзіне жа­на­шырлық тудыру үшін, әлгі қаражат соңғы ақшасы екенін, жұмыстан шығып қал­ғанын, емделуге бара жатқанын айтып, жібітуге тырысып бағады. Тіпті кей­бірі «мырзалық» танытып, қара­жат­тың аз бөлігін өзіңізге қалдыруды да ұсынады.

Кеңес

Алаяқтар сауда алаңында қандай да бір тауарды сатып, соның ақысын алу үшін сіздің шотыңызды көрсетуі мүмкін. Егер сіз оларға сеніп, аударым жасасаңыз, онда сіз ақшасыз ғана қалмайсыз, сонымен қатар өзіңізге қосымша қиындықтар туғызасыз. Өйткені әлеуетті сатып алушы тауарды алмай, құқық қорғау органдарына жүгінуі мүмкін. Сіз ақша алушы ретінде алғашқы күдіктіге айналасыз. Сондықтан шотыңызға белгілі бір соманы аударса, онда ешқандай жағдайда оны қайта аудармаңыз және шешіп алмаңыз. Өз банкіңізге хабарласыңыз, онда сізге осы қате аударыммен не істеуге болатынын түсіндіреді.

Құқық қорғау органдарынан түсетін «қоңыраулар»

Алаяқтар өздерін құқық қорғау қыз­­мет­керлері ретінде таныстырып, танысыңыз, досыңыз немесе туысыңыздың келеңсіз жағдайға тап болғанын хабарлауы мүмкін. Мысалы, адамды қағып кеткені, ауруханада жат­қа­ны немесе терактіге қатысқаны дегендей. Кез келген жағдайда қылмыс қорқынышты, ал салдары қайтымсыз көрін­уі керек. Мәселені қандай да бір сома шеше алады. Бір жағынан, айт­қан­дары айтарлықтай әсер қалдырды, екінші жағынан – сұрап отырған сома тез төлей алмайтындай көп те емес. Негі­зінен, мұндай алдаудың құрбандары – жақын адамыңызға көмектесу үшін соңғы ақшасын беруге дайын қарт адамдар.

Кеңес

Ең дұрысы, мұндай сәтте «Күдікті қай полиция бөлім­ше­сінде?», «Ол қандай баппен айыпталып отыр?», «Әрекет қашан болған?», Адво­каттың көмегі ұсы­­нылды ма, адво­каттың аты-жөні кім?» деген сияқты сұ­рақ­тар қою қажет. Соны­мен қатар ІІМ жедел же­лі­сіне және аудандық полиция бөлім­ше­­сіне қоңы­рау шалу керек. Ешбір жағ­дай­да үрейге бой алдырмаңыз, бейтаныс адам­дарға ақша беріп, шотына ақша аудар­маңыз.

Банк қызметкерлері, колл-орталық операторлары ешқашан телефон ар­қы­лы жеке деректерді сұрамайды. Бұл конфиденциалды мәліметтер тек алаяқтарға қажет.