Суретті түсірген Нұрболат Нұржаубай
Сол тұста облыстық партия комитетін Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбеков басқарып отырған-ды. Көлікті жеткізу облыстық атқару комитетінің төрағасы Виталий Брынкинге жүктеліпті.
Сонымен тапсырманы орындауға жіберілгендерді Внуково әскери аэропортынан күтіп алғандар жабық ғимаратқа әкеліп, қатар тұрған 4 көліктің біреуін таңдатады. Сол жерден әскери ұшаққа тиелген «Чайка» Байқоңырға жеткізіліп, ғарышкерлер қаласында көлікке отырған жүргізушілер облыстық партия комитетінің гаражына кіргізеді. Сол күннен ешкім мінбеген қымбат көлік 2005 жылы облыстық тарихи өлкетану музейіне сый ретінде тапсырылыпты.
– Халықаралық музейлер күніне орай жыл сайын «Музейге сый» акциясын өткізіп, келушілер осы көлікті тамашалайды. Балалар да, үлкендер де сирек көлікке мініп, суретке түседі, – дейді музейдің бас қор сақтаушысы Аманкүл Дүйсенбайқызы.
Ұзақ жыл гаражда тұрған қымбат автокөлікті облыстық партия комитетінен, кейін оның орнын басқан әкімдіктен ешкімнің іздемегені, пайдаланбағаны түсініксіз болып отыр. Жалпы, техникаға қатысты мәліметтің бәрін зерттеп, қаттап жүретін ресейліктердің дерегінше сол елден шыққан көлік жылына орта есеппен 17 500 шақырым жол жүру керек екен. Ал музей ауласында тұрған «Чайканың» киломертажы 36 жылда бар болғаны 18 220 шақырым жүргенін көрсетіп тұр.
ҚЫЗЫЛОРДА