22 Наурыз, 2014

Әлемдік қауіпсіздікке әлеуетті үлес

319 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРУСЫЗДАНУ ҮДЕРІСТЕРІНІҢ КӨШБАСШЫСЫ 24-25 наурыз күндері Голландияның Гаага қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Мемлекет басшыларының ядролық қауіпсіздік жөніндегі үшінші саммиті өтеді Ядро-1 КСРО-ның ыдырауымен ядро­лық текетірес келмеске кетіп, «қырғи-қабақ соғыс» сияқты ұғым­дар көнерген сөздерге айналды. Ірі ядролық держава КСРО-ның орнында жаппай қырып-жоятын қарулары бар 4 тәуелсіз мемлекет – Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь пайда болды. Ресейді қос­­пағанда, олар 1991 жылғы жел­тоқ­­санда қабылданған Алматы декларациясына сәйкес, КСРО-ның құқықтық мұрагері болып қалды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында жоғарыда аталған қауіпті мұраны қайтпек керек деген күрделі мәселе тұрды. Бүгінде баршаға белгілі жайт, еліміз аумағында ірі ядролық қару арсеналы шоғырландырылған болатын. Оның үстіне, химия­лық және биологиялық қару өн­дірісіне қатысты елеулі әлеует жинақталған еді. Мұндай жағ­дай ел басшылығынан қысқа мер­зімде ядролық саладағы мем­лекеттік саясатты түбегейлі қай­­та қарастыруды талап етті. Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында қиын таңдау тұрды. Ядролық қаруды сақтау жаңа тәуелсіз мемлекеттің халықаралық ұстанымы үшін айрықша қиын салдарымен қауіпті еді. Ядролық қарудан бас тарту туралы шешім қабылдаған Қазақ­стан халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі әлемдік қоғам­дастықтың күш-жігеріне белсен­ді түрде қосылды және өзінің ядролық қаруды таратпау туралы ұстанымын ашық түрде жария етті. Біздің мемлекетіміздің ядро­лық қаруды таратпау туралы бо­ла­шақтағы саясатының негізі болған алғашқы қадам Елбасының Жарлығымен 1990 жылы, Кеңес Одағы әлі күшінде тұрған кезде Семей ядролық полигонының жабылуы болды. Қазақстан басшы­сының батыл да шешімді әрі тағ­дыршешті бастамасын бүкіл Отаны­мыз жұртшылығы қолдады. 1991 жылы Беларусьтің, Қазақ­станның, Ресейдің, Украина­ның басшылары Алматыда стра­те­гия­лық ядролық күштер туралы дек­ларация қабылдап, онда ядролық қауіпсіздікті тиісті деңгейде ұс­тау­да қандай да бір болмашы кемшілікке жол бермеу мақсатында бұрынғы КСРО-ның ядролық арсеналына бірлесіп бақылау жасаудың тетігін белгіледі, сол арқылы олар стра­тегиялық шабуыл жасау қаруын қысқарту саласында КСРО-ның халықаралық міндеттемелеріне адалдықтарын паш етті. Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне адалдығы 1995 жылдың 21 сәуірінде ел аумағынан ядролық қарудың толықтай шыға­ры­луымен қуаттала түсті. Ал сол жыл­дың 30 мамырында Семей ядро­лық сынақ полигонындағы соңғы ядролық оқтұмсық жойылды. Осы сәттен бастап Қазақстан жері ядролық қарудан мүлдем тазар­тылды. Еліміз басшылығы бұл қадамдарға бас-көзге қарамай жайдан-жай бара салған жоқ. Әлемдік қоғамдастықтағы ядролық қаруы бар беделді мемлекеттердің өзінің қауіпсіздігіне деген толықтай кепілдігін алып барып барды. Халықаралық тәжірибе көрсе­тіп отырғанындай, әскери әлеует­ті еселей түсу мемлекеттің қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етуге кепіл бола алмайды, қайта, керісінше, тұрақ­сыздандырушы факторға айналуы әбден мүмкін. Сондықтан осындай жолмен Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі әлемдік қоғамдастықтың күш-жіге­рі­не белсенді түрде қосылып, өзінің ядролық қаруды таратпау туралы ұстанымы дұрыс екендігіне еш күмәнданбайтынын ашық білдірді. Қазақстан Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ деп жариялау туралы жобаға да қосылды. Ядролық қаруды таратпау режімін нығайтуға бағытталған азат аймақ құру жөніндегі Орталық Азия мемлекеттерінің бастамасы 1997 жылғы 28 ақпандағы Алматы декларациясында жария етілді. Жалпы, Қазақстанның ядролық қару­ды таратпау саласындағы жаһан­дық үдерістерге қатысуы ұлт­тық заңнаманы жетілдіруден де көрініс тапты. Мәселен, 1996 жылы «Экспорттық бақылау» туралы заң қабылданды. Бұл қадамды халықаралық сарапшылар жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды болдырмау жөніндегі ортақ күш-жігерге біздің еліміз қосқан елеулі үлес ретінде жоғары бағалады. 2001 жылғы 29-30 тамызда Алма­ты­да «ХХІ ғасыр – ядролық қарудан азат әлем жолында» атты халықаралық конференция болды. Форум Семей ядролық полигоны жабылуының 10 жылдығына және Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жыл­дығына арналды. Алқалы жиынға әлемнің 9 елінен 300-ден астам көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері келді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде осы конференцияның өткізілуі 10 жыл бұрын халықтың еркі бойынша ірі ядролық полигондардың бірін жапқан, әлемге ядролық қарудан ерікті түрде бас тартудың бұрын-соңды болмаған үлгісін көрсеткен біздің еліміздің күш-жігерін халықаралық қоғамдастық тарапынан тану әрі сенім білдіру фактісі екенін атап өтті. Аталған халықаралық конфе­рен­ция қазіргі заманғы халық­аралық саясаттың ірі оқиғасы болып табылды және ядролық қарусыз әрі анағұрлым қауіпсіз әлем құруды дәйекті түрде жақ­тайтын, осы игілікті мақсатқа қол жеткізу үшін нақты іс-қимыл жүргізіп жүрген мемлекет ретінде Қазақстанның беделін одан әрі нығайтуға жәрдемдесті. полигон-2 Қазақстанның ядролық тарат­пау және қарусыздану сала­сын­да­ғы бастамаларының мойын­далуы Семей ядролық сынақ по­ли­гоны жабылған күн – 29 та­мыз­ды Ядролық сынақтарға қар­сы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау туралы еліміз ұсы­нысының БҰҰ тарапынан қол­дау табуымен де сипатталады. Мә­се­лен, Семей полигоны жабы­луы­ның жиырма жылдығына байланысты Қазақстанға БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның арнайы сапармен келіп, аталған халықаралық деңгейдегі үлкен оқиғаға орай ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуы да Бас ұйым басшысының Отанымыздың осы бағыттағы бастамалары мен қосқан үлесіне деген ізеті мен ілтипаты екені сөзсіз. Семей ядролық сынақ полиго­ны­­ның жиырма жылдығына бай­ланысты ұйымдастырылған шараларға Атом энергиясы жөнін­дегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Амоно, АҚШ энергетика министрі­нің бірінші орынбасары Дэниел Понемон, Франция сенаты парламентінің мүшесі Амери де Монтескью т.б. мәртебелі меймандар келіп қатысты. Атақ-дәрежелерінен ат үркетін осындай танымал адамдардың Қазақстанға арнайы атбасын тіреуі де еліміздің ядролық сынақтарға тыйым салу және жаппай қырып-жоятын қару түрлерін таратпау үдерістеріндегі көшбасшылық рөлін тағы бір мәрте танығандық деп қабылдау керек. Енді, міне, 24-25 наурыз күндері Голландияның Гаага қаласында Мемлекет басшыларының ядро­лық қауіпсіздік жөніндегі үшін­ші саммиті өтеді. Бұл халық­ара­лық аса ауқымды шараға Қазақ­­стан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев ұйым­дас­тырушы тараптың арнайы шақыр­туымен қатысқалы отыр. Бұл да аталған бағыттағы Қазақстанның көшбасшылық рөлін айқындай түсетін факт болып табылады. Сәулебек БІРЖАН.