Тағайындау • 11 Ақпан, 2022

СҚО-да табиғи монополияларды реттеу департаментіне жаңа басшы тағайындалды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

СҚО-да табиғи монополияларды реттеу департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Асан Дарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, облыстық департаменттің жаңа басшысын таныстырды.

Сонымен қатар комитет басшысы өңірдегі салаға қатысты бірқатар мәселелердің барын атап, жаңа басшыға тапсырмалар жүктеді.

«Бүгінгі кездесудегі мақсат – солтүстік өңірде тарифтік реттеушінің жаңа басшылығының алдына міндеттер қою. Сапасыз жылумен қамтамасыз еткені үшін және осы жылыту кезеңінің соңғы айларында тұрғындар төлеген жылу шығындары үшін ақшаны халыққа қайтару мүмкіндігін табу. Бұл мәселелер жақында шешімін табуы қажет», деді Асан Дарбаев.

 

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15