Әлем • 13 Ақпан, 2022

Парижде шеруге шыққан 97 адам ұсталды

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәртіп сақшылары Парижде «Бостандық конвойы» акциясына белсенді түрде қатысқан 97 адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парижде шеруге шыққан 97 адам ұсталды

97 адамды ұстаудан бөлек тәртіп сақшылары 513 хаттама толтырғаны белгілі болған. «Манифестация. Париждегі жалпы нәтиже: 97 ұстау, 513 хаттама. Полиция префектурасы алдағы күндерде де жағдайды бақылайды», делінген жексенбіде полиция префектурасының Twitter-дегі парақшасында жазылған хабарламада.

Сенбі күні ел бойынша 32 мыңнан астам адам шеруге шыққаны анықталған. Сондай-ақ Парижде 7,6 мыңға жуық адам коронавирустық инфекцияға байланысты жарияланған шектеулерге наразылығын білдірген еді. Шеруге автокөлік жүргізушілері Францияның оңтүстігінен және де басқа аймақтарынан Парижге келіп, үн қосуға тырысқан.