Аймақтар • 14 Ақпан, 2022

Павлодар - Қызылорда тасжолында көлік қозғалысы шектелді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар-Қызылорда тасжолында барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Өңірлік құтқарушылар жүргізушілерге ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.

Павлодар - Қызылорда тасжолында көлік қозғалысы шектелді

«Ауа-райының күрт нашарлауы, яғни толассыз қар жауып, боранның түтеуі салдарынан жолдарда көру мүмкіндігі шектелуіне байланысты Қарағанды учаскесі мен Павлодар облысының шекарасына дейінгі 967-1135 шақырым жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді», деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Айта кетейік, аймақтағы дауылды ескерту мерзімі 14 ақпанның кешіне дейін ұзартылды.