Кәсіпқой бокс • 14 Ақпан, 2022

Бетербиев-Смит кездесуі маусымда өтеді

641 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Top Rank промоутерлік ұйымының басшысы Боб Арум WBC, IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Артур Бетербиев пен WBO чемпионы Джо Смит арасындағы жекпе-жек қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бетербиев-Смит кездесуі маусымда өтеді

«Джо Смит пен Артур Бетербиев үш белдік үшін қолғап түйістіретін болады. Артур өзіне тиесілі екі белдікті бәске тіксе, Джо Смит WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігін бәске қояды. Бұл кездесу шамамен маусым айында ұйымдастырылады. Екі мықты арасындағы шайқас жанкүйерлерді бейжай қалдырмасы анық», деді Боб Арум.