Елорда • 14 Ақпан, 2022

Елордада жаңа ақылы тұрақтар іске қосылады

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 наурыздан бастап астанада тағы үш ақылы автотұрақ іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана тұрақ кеңістігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада жаңа ақылы тұрақтар іске қосылады

«1 наурыздан бастап нөмірленуі 11*, 2*, 3*, 4* деп басталатын тұрақ аймақтары штаттық режимде жұмыс істейді. Төлем - сағатына 100 теңге. Тұрақ орны үшін төлемді алғашқы 30 минут ішінде енгізу керек», делінген Астана тұрақ кеңістігінің ресми хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде жаңа тұрақтар тест режимінде жұмыс істейді. Ал келесі айдан бастап төлем жасамаған көліктерге автоматты түрде айыппұл салынады.

Бүгінде қаланың әрбір ауданында 11*, 2*, 3* және 4* деп нөмірленген ақылы тұрақтар бар. Олардың орналасқан жерін картадан көруге болады. 

Айта кетері, төленген уақыт өтіп кеткеннен кейін 10 минут ішінде ақылы автотұрақтан шығып кету керек. Әйтпесе, айыппұл салынады. 

Заң бойынша айыппұлдың көлемі 3 айлық есептік көрсеткішті (9 189 теңге) құрайды. Бір аптаның ішінде 50 пайызын төлеуге болады. Айыппұл төлеудің бірнеше жолы бар: 

egov.kz қосымшасы; 

kaspi.kz қосымшасы; 

halykbank.kz қосымшасы; 

qamqor.gov.kz сайты; 

банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері.