Футбол • 14 Ақпан, 2022

Қазақстандық команда бразилиялық футболшыны қатарына қосты

655 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилиялық жартылай қорғаушы Алекс Бруно «Мақтаарал» футбол клубының қатарына қосылды деп хабарлайды Egemen.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық команда бразилиялық футболшыны қатарына қосты

Ілгеріде «Атырау» футбол клубында доп тепкен бразилиялық футболшы жаңа командасының сапында жасыл алаңға шығып үлгерді. Өзбекстандық «Бунедкор» футбол клубына қарсы өткен ойында Түркістан облысының командасы 2:1 есебімен жеңіске жетсе, аталмыш кездесуде Алекс Бруно жеңіс голын соққан болатын.

«Атыраудан» бөлек бразилиялық футболшы польшалық «Видзев», молдовалық «Зимбру» бразилиялық «Санта-Рита» секілді өзге де бірнеше команда сапында доп тепкен.