Қысқы спорт • 14 Ақпан, 2022

Ақмаржан Қалмұрзаева қысқы Олимпиаданы 11-орынмен аяқтады

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының мүшесі Ақмаржан Қалмұрзаева Олимпиаданы 11-орынмен аяқтады, деп жазады Egemen.kz ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ақмаржан Қалмұрзаева қысқы Олимпиаданы 11-орынмен аяқтады

Қазақстандық спортшы іріктеу қорытындысы бойынша фристайл-акробатикадан бірінші финалға өтіп, ТОП-12 спортшының қатарына енген болатын.

Өкінішке қарай, финалда Ақмаржан іріктеудегі нәтижесін қайталай алған жоқ. Алғашқы мүмкіндігінде секіру элементтерін орындап, жерге түскенде құлап қалды. Төрешілер 52.36 ұпай берді.

Екінші мүмкіндігінде Қалмұрзаева 71.23 ұпай алып, жалпы есепте 11-і орынға табан тіреді.