Футбол • 14 Ақпан, 2022

Неймар «Реалға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін

667 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франциялық «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Неймар чемпиондар лигасының 1/8 финалында испаниялық «Реалға» қарсы өтетін ойында алаңға шығуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Неймар «Реалға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін

30 жасар бразилиялық футболшы өткен жылдың 28 қаңтарында алған жарақатынан кейін жасыл алаңға шыққан жоқ. Ол соңғы рет Франция чемпионатының 15 турында «Сент-Этьен» футбол клубына қарсы кездесуде ойнаған еді. Аталмыш кездесуде париждік ұжым 3:1 есебімен жеңіске жеткен. Ұзақ уақыт бойы жарақатын емдеген футболшы енді алаңға шығуға дайын.