Кәсіпқой бокс • 15 Ақпан, 2022

Маған әлем чемпионы атағы керек - Жәнібек Әлімханұлы

1943 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белдігінен басты үміткер, отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы жақын арада бразилиялық Эскива Фалькаомен жұдырықтаспайтын секілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маған әлем чемпионы атағы керек - Жәнібек Әлімханұлы

Осыдан біршама уақыт бұрын бүкіләлемдік бокс ұйымы екі боксшы арасында әлемнің уақытша чемпионы атағы үшін шайқас өткізілетінін мәлімдеген еді. Алайда Top Rank промоутерлік ұйымы өз боксшыларының шаршы алаңда кездескенін қаламайтын секілді. Мұны әлеуметтік желілер арқылы Фалькаоның өзі де тұспалдап жеткізген еді. «Жәнібек, екеуміздің кездесуіміз маған емес, біздің командамызға, Top Rank промоутерлік ұйымына байланысты екенін жақсы білесің» деп жазған болатын Фалькао.

Фалькаоға қарсы жекпе-жектің өтуі екіталай екенін Жәнібектің өзі де растады.

«Әзірге ешқандай жаңалық жоқ. Соған қарағанда мен мүлде басқа қарсыласпен жұдырықтасатын секілдімін. Кіммен қолғап түйістіретінімді білмеймін. Маған бәрібір, кез келген қарсыласты жеңуге әзірмін. Өйткені маған әлем чемпионы атағы керек», деп жазды қазақ боксшысы твиттерде.