ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар «Глубокое-РФ шекарасы» жолы жабылды.
«Ал қар көшкіні жүру қаупіне орай «Өскемен-Серебрянск» тосжолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынған. Сондай-ақ облыстық маңыздағы Тайынты мен Самар ауылдарының арасындағы жол жабық тұр», делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.