Футбол • 16 Ақпан, 2022

Килиан Мбаппе «Реалға» гол соққаннан кейін болашақ жоспары туралы сөз қозғады

767 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франциялық «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе чемпиондар лигасының 1/8 финалында Испанияның «Реал» футбол клубының қақпасына гол соққаннан кейін өзінің болашақ жоспары туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Килиан Мбаппе «Реалға» гол соққаннан кейін болашақ жоспары туралы сөз қозғады

«Бұл кездесу менің болашағыма әсер етуі мүмкін бе? Жоқ. Өйткені мен әзірге ешқандай шешім қабылдаған жоқпын. Әрбір ойында барымды салып ойнаймын. Келесі маусымда не болатынын уақыт көрсетеді. Екі команда ойнап жатқанда «Реалға» ауысу мәселесі туралы сөз қозғаудың не қажеті бар? Біз артық сұрақтарды көп қоямыз. Мен қазір «ПСЖ» футбол клубының ойыншысымын», деді футболшы.

Килианның сөзінен мәселені айналып өтуге ұмтылыс қана байқалды. Ал расында ол жазда «Реалдың» сапына ауысуы керек.