Аймақтар • 16 Ақпан, 2022

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жолды жауып қалды

1129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай ауданында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жолды жауып қалды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Алтай-Малеевск-Путинцево» жолында екі рет көшкін жүрді. 250 және 300 текше метр қар көшкіні жолды толықтай жауып қалған.

«Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта жол қардан толықтай тазартылып, көлік қозғалысы қамтамасыз етілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.