Елорда • 16 Ақпан, 2022

Елордада «Бұрқасын-2022» фестивалі өтеді

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 ақпан күні елордада жыл сайын өткізілетін «Бұрқасын-2022» қысқы фестивалі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада «Бұрқасын-2022» фестивалі өтеді

Аталған шара жыл сайынғы қысқы фестивалі бағдарламасы аясында спорттың 10 түрінен өтеді, атап айтқанда: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тартыс, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол секілді жарыстар бойынша өтеді.

Жарысқа қатысуға ниет білдірген кез келген адам қатыса алады. Тіркеуден өту кезінде жеке басын куәландыратын құжат болуы шарт.

Шаңғы жарыстарына тіркелу жарыс кестесіне сәйкес 30 минут қалғанда, өтетін орында жүргізіледі.

Шаңғы жарысына қатысушылардың старттық нөмірлері әр жас тобы бойынша сөреден 30 минут бұрын беріледі.

Жарыс санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі.

Әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қысқы фестиваль сағат 11:00 де «Есіл» өзені, Амфитеатр жанында басталады.