Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2022

Ақ Олимпиада: Шаңғышылар командалық спринттен финалға шыға алмады

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы командалық спринттен жартылай финалдық жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақ Олимпиада: Шаңғышылар командалық спринттен финалға шыға алмады

Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Бұл додада Қазақстан құрамасы сапында Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина сынға түсті. Алайда екеуі мәре сызығын 24:57,5 уақыт көрсеткішімен 10-шы болып кесіп өтті.

Осылайша отандастарымыз финалға өте алмады. Командалық спринттен жартылай финалында бірінші орынды Ресей құрамасы (23:00,47), екінші орынды Финляндия (23:00,82), ал үздік үшінші орынға Швеция (23:01,40) құрамасы ие болды.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.