Аймақтар • 16 Ақпан, 2022

Алматы облысында металлургиялық кәсіпорын қайта жанданады

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жаңалықпен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Twitter-де бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында металлургиялық кәсіпорын қайта жанданады

«Бүгін Үштөбе қаласындағы «KazSilicon» МК» кәсіпорнында жұмыс сапарымен болдық. Көптеген жылдар бойы тоқтап қалған кәсіпорынның жаңа иелерімен техникалық кремний өндірісін іске қосуға келістік. Кәсіпорын жанданған кезде 220-дан астам жұмыс орны құрылады», деп жазды Қанат Бозымбаев.

«KazSilicon» металлургиялық комбинаты» ЖШС – Қазақстан аумағындағы металлургиялық кремний өндіретін алғашқы зауыт. Өндіріс 2006 жылы Үштөбе қаласында іске қосылды.

Комбинат шикізат ретінде зауыттан 25 шақырым жерде орналасқан өзінің «Сарыкөл» кен орнының талшықты кварцын пайдаланады.

2011 жылы «KazSilicon» МК» ЖШС жарғылық үлесінің 100%-ын «КAZPV қазақстандық кремнийі негізінде фотоэлектрлік модульдер өндірісін құру» стратегиялық инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сатып алды.