Әлем • 17 Ақпан, 2022

«Өмір сүр!»: Жириновскийдің ұлы әкесіне алаңдаулы

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Мемлекеттік Думасының бұрынғы вице-спикері, Ресей либералды-демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновскийдің ұлы Игорь Лебедев COVID-19-инфекциясымен ауруханаға түскен әкесінің жағдайы туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өмір сүр!»: Жириновскийдің ұлы әкесіне алаңдаулы

Игорь Лебедев әлеуметтік желіде әкесіне қатысты жазба қалдырды.

«Тек өмір сүр!», деп қана жазды ол.

 Айта кетсек, В. Жириновский 2 ақпанда «Омикрон» штаммынан туындаған асқынуларға байланысты ауруханаға түсті. Ведомствоның соңғы ақпаратына сәйкес, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап, барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда.

14 ақпанда Ресей либералды-демократиялық партиясының депутаты, әлеуметтік саясат және ардагерлер істері комитетінің төрағасы Ярослав Нилов «Ленто.ру»-ға берген арнайы сұхбатында Жириновскийде пайда болған мидың қабынуы туралы хабарлардың қауесет екенін айтты.

Оның айтуынша, сенсация іздеуге құмар көп Telegram арна жалған мәлімдемелерді жариялауда.

Кейінгі уақытта Ресей либералды-демократиялық партиясы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Жириновскийдің жағдайы туралы қауесеттер мен жалған болжамдарға негізделген хабарламаларға жиі кезігіп жүр.

«Біз өз беделін бағалайтын барлық бұқаралық ақпарат құралдарын Владимир Жириновский туралы анонимді қауесеттер таратуды тоқтатуға шақырамыз», деді партияның баспасөз қызметі.

Аяна Тоғанбек,

ЕҰУ студенті