Аймақтар • 17 Ақпан, 2022

Мемлекет басшысы: Ерболат Досаевтың жұмыс істеуіне мүмкіндік бердім

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Ерболат Досаевты Алматы қаласының әкімі лауазымына не себепті тағайындағаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Ерболат Досаевтың жұмыс істеуіне мүмкіндік бердім

–  Алматы – еліміздегі ең ірі, ерекше шаһар. Қаланың ахуалы, тұрғындардың әл-ауқаты менің жеке назарымда. Қаңтар оқиғасы кезінде қаланың экономикасы зардап шекті. Азаматтардың және бизнес иелерінің дүние-мүлкі тоналды. Көптеген нысан өртелді, қиратылды. Соның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл – оңай шаруа емес. Сондықтан осындай жауапты жұмыс жаңа әкім Ерболат Досаевқа жүктелді, қолынан келеді деп үміттенемін. Себебі оның бизнес саласында, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Іскер, еңбекқор адам. Жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жөн деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, Ерболат Досаев 2022 жылдың 31 қаңтарында Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.