Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында журналистің шетелдегі отандастарымызды Қазақстанға шақыру туралы сұрағына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

– Расында шетелде жүрген білікті мамандарымыз аз емес. Бұл үшін ешкімді айыптауға болмайды. Қазір – жаһандану заманы. Адам қай жерде сұранысқа ие болса, сол жерге барып жұмыс істеуге қақы бар. Оған ешкім кедергі жасамайды. Біз өз саласында табысқа жеткен азаматтарды бұған дейін де шақырғанбыз. Елге қайтып келген отандастарымыз да бар. Бірақ, шындығын айтуымыз керек, елімізге білімі жоғары, парасатты адамдар керек. Жалпы, адами капитал жоғары болуы қажет. Жалпақ тілмен айтсақ, Отанымызға келген адамдардың сапасы неғұрлым жоғары болса, елімізге соғұрлым тиімді болады, – деді Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еңбекқорлықтың, біліктіліктің идеологиясын көтеру керектігін баса айтты.
– Ұлтымыз дүние жүзінде, ең алдымен, еңбекқор, жұмысқа адал ұлт ретінде мойындалатын болса, бұл экономикамызға оң әсер етеді. Масылдықтан, жалқаулықтан алшақ болуымыз қажет. Сонда ғана Жаңа Қазақстан тұжырымдамасы іске асады. Меніңше, біз бұрын үлкен идеологиялық қателік жібердік. Шетелге, яғни Орта Азиядан Ресейге кеткен жұмысшыларға күліп, «Қараңыздар, олар қара жұмыспен айналысуға мәжбүр болды, ал бізге келгенде, бірде-бір қазақ шетелде жұмыс істемейді, жайбарақат жүрміз» деп қатты мақтандық. Кез келген еңбекті жоғары бағалау қажет, солай емес пе? Бүгінгі күні Орта Азиядағы жұмысшылар Ресейде еңбек етіп, күн көріп жатыр. Ал, біздікілер еңбек бәсекесіне шыдай алмайтын болды. Өкінішке қарай, бұл «сырьевое проклятье», яғни «шикізатқа тәуелді болудың» салдары, – деді Мемлекет басшысы сұхбатында.
Теңіз кен орнындағы жарылыс неден болғаны анықталды
Оқиға • Кеше
Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті
Елорда • Кеше
Педагогикалық ғылымдарға 11 мыңға жуық грант бөлінді
Білім • Кеше
Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады
Қоғам • Кеше
Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қайтыс болды
Қазақстан • Кеше
Үкіметте КҚК-дағы жағдай талқыланды
Үкімет • Кеше
Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа өтуі мүмкін
Коронавирус • Кеше
ОПЕК-тің бас хатшысы көз жұмды
Әлем • Кеше
АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады
Елорда • Кеше
Алакөлдегі өртке қатысты тергеу амалдары басталды
Аймақтар • Кеше
Астана тұрғындарының саны 4 есе өсті
Елорда • Кеше
Бір тәулікте 360 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Өзбекстанға ет өнімдерінің экспорты артады
Экономика • Кеше
Елорданың 300-ден астам тұрғыны пәтерлі болды
Елорда • Кеше
6 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұлт саулығын ұлықтаған мегаполис
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Театр • Кеше
Сапа нарығында бәсекелестікке жол ашылады
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
«Ордабасы» көшбасшылар қатарына қосылды
Футбол • Кеше
Тұңғыш рет ширек финалда ойнайды
Теннис • Кеше
Қоғам • Кеше
Мерейтойы туған жерінде атап өтілді
Қоғам • Кеше
Іріктеудің екінші кезеңіне өтті
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар