27 Наурыз, 2014

Ядролық қарусызданудың басты құралы

270 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
саммит Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Гаага қаласында өткен ІІІ Жаһандық ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте сөйлеген сөзі, сондай-ақ, Елбасының форум барысында жетекші мемлекеттердің басшыларымен кездесулерде көтерген мәселелері әлемдік БАҚ-тар тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Бүгін солардың бір парасы оқырман назарына ұсынылып отыр. 

1gemingibao - копияҚХР Төрағасы Си ­Цзиньпин Гаа­га­да Қазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан На­зарбаевпен кез­дес­ті. Кездесуде Си Цзиньпин қазіргі жағ­дай­да Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың маңызы анағұрлым арта түсетінін атап көрсетті. Стратегиялық ынтымақтастықты арттыруға  Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жылдың мамыр айына белгіленген Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) саммитіне қатысу үшін ҚХР-ға сапары мүмкіндік туғызатын болады.

ҚХР Төрағасы Н.Назарбаевпен екі­­жақ­ты қатынастарды тереңдету, сауда, экономика, қуат тасымалдау, ауыл шаруашы­лығы салаларындағы ынтымақтастықты нығай­ту, сондай-ақ, халықаралық және өңірлік ма­ңызды мәселелер жөніндегі пікір алмасудың жалғасатынына үміт артатынын білдірді. Қытай тарапы қазақстандықтар­мен бірлесе отырып, сапардың аса үлкен нәтиже әкеле­тініне барлық күш-жігерді жұмсайтын болады. Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпиннің өткен жылғы Қазақстанға жасаған сапары екіжақты қатынастарды дамытуға ерекше серпін бергенін атап өтті. Сапар барысында қол жеткізілген маңызды уағдаластықтар бүгінде ретімен жүзеге асырылуда. Қазақстан Қытайдың шынайы және сенімді әріптесі болып табылады. Қазақстан ҚХР-ға жалпы көлемдегі реформаларды тереңдетуде табыстар тілейді, Қытай тарапымен бірлесіп, барлық салалар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті. Н.Назарбаев АӨСШК саммитіне дайындық жұмыстарына жоғары баға берді және форумның табысты өтетініне сенімді екенін білдірді.   2-росбалт - копияҚазақстан Пре­­зи­денті Нұр­сұл­тан На­зарбаев жапондық атом стансалары үшін уран жеткізуге дайын екенін атады. Қа­зақстан басшысы бұл мәлімдемені  Жа­по­нияның Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесуі кезінде жасады. «Біздердің өзара іс-қимылымыздағы негізгі пункт – энергетика, әсіресе, ядролық энергетика. Қазақстан ірі уран өндірушінің бірі болып табылатындықтан, оны Жапонияның атом стансаларына жеткізуші ретінде қатыса алар еді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент, сондай-ақ, бірлескен жоба – Ақмола облысында сирек металдар өндіретін зауыт жұмыс істейтінін атап өтті. Бұдан бөлек, ол республикада жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық бағдарламалар бойынша екі ел арасында технологиялық және инновациялық ынтымақтастықты дамытудың мүмкіндігіне назар аударды.   3-CA-News - копия«Біздің бар­лы­ғы­мыз жекелеген саясаткерлердің 5 ­АЭС, 15 атом реакторы жұмыс істеп тұр­ған және зымырандық технология саласында әлеуетке ие Украинаға ядролық мәртебені қайтару жөніндегі жауапсыз мәлімдемелеріне қатты алаңдаушылық білдіруіміз керек». 24 наурызда Гаагадағы ІІІ Жаһандық ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі бойынша, биылғы шара жаһандық қауіпсіздік дағдарысы жағдайында өтуде. «Оның ең басты себебі – «қосарланған стандарттар» тәжірибесіне нүкте қоя алмаған саяси ерік-жігердің жетіспеушілігі мен халықаралық құқықты біржақты қолдану болып отыр. Ядролық державалардың алған міндеттемелерінің барлығын кешенді түрде мүлтіксіз орындауы ерекше маңызды деп есептейміз. Жиырма жыл бұрын Қазақстан да Беларусь пен Украина сияқты жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға ерекше үлес қосты. Біздің еліміз ядролық қарудың аса мол қорынан өз еркімен бас тартты. Ядролық қа­­ру­ды таратпау туралы шартқа ядросыз мемлекет ретінде қосылды», деп атап өтті Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев G-8 және G-20 шеңберіндегі жұмыстардың жаһандық проблемаларды шешу шараларының тиімділігі толық емес екеніне тоқталды. «Борт сыртында қалған бұл топтардың да мүддесі есепке алынуы қажет. Сондықтан осы дағдарыстан шығудың жолын іздестіру үшін мен екі жыл бұрын G-Global бастамасын көтердім. Бұл пішін жедел қолдау тапты және бүгінде оған әлемнің 190 елі қатысуда. Бұл – адамзаттың өзін өзі жоятын ядролық қарудың қауіп-қатеріне қарсы күресте әділетті, мөлдір, көпполярлы, тұрақты әлемдік тәртіпке шақыратын жол. Бұған балама жоқ екеніне сенімдімін. Әлем 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған жағдайдағыдай жалпыға ортақ қатерге қарсы ұзақ мерзімге және жүйелі негізде бірігуі қажет»,  деді Қазақстан Президенті.   4-интерфакс - копияҚазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назар­баев Гаагада ІІІ Жа­һан­дық ядролық қауіп­сіз­дік жөніндегі саммиттің пленарлық отырысына қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде республика жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту үшін іс-шараларды жалғастырып келе жатқанын, осыған байланысты күш біріктіруді қажет ететін бірқатар бағыттарды атап берді. Соның бірі ретінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден-бір кепілі – толық және жалпыға бірдей ядролық қарусыздануды атады. Қазақстан Президенті кезек күттірмес міндеттің тағы бірі ядролық терроризмге қарсы іс-қимыл екенін атап өтті. «Антитеррорлық науқан мемлекеттердің бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаларына, технологиялар мен жабдықтар алу, білім мен тәжірибелер алмасу құқықтарына шек қой­­­мауы тиіс. Қазақстан АЭС-ке және атом стан­­сасын салуға қажетті ядролық отынның толық циклін жасауды жоспарлап отыр»,  деді Н.Назарбаев. Бұған қоса, Мемлекет басшысы Қазақстан алдағы уақытта МАГАТЭ-нің рөлі мен беделін арттыруды қалайтынын атады. Республика ядролық қарудан азат жаңа аймақ, оның ішінде Таяу Шығыста құруды қолдайды, деді Президент. «Біз Орталық Азияны Ядролық қарудан азат аймақ жасау туралы шартқа қол қойған қатысушы елдердің қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы хаттамаға «ядролық бестіктің» тез арада қол қоюына үміт артамыз», деп атап өтті  Қазақстан Президенті.   5-K.NEWSНидерландта Қа­­­­зақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­­­баев­тың бейнесі бейнеленген жаңа гол­ланд­тық пошта маркасы мен «Президент Назарбаев» қызғалдақ гүлінің жаңа сорты таныс­тырылды, сондай-ақ, Роттердам қаласы мэриясының бастамасымен «Астана» жаңа алаңы ашылатындығы жария етілді. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ­­станның Нидерландтағы достары» қазақ­стандық-нидерландтық саяси клубы мүше­лерімен кездесуінде белгілі болды. Шара барысында Президент Қазақстан голландтық компаниялармен ынтымақтасуға және өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылық танытатынын атап өтті. «Қазақстан экономикасындағы Нидер­ландтың инвестициясы 30 миллиард долларды құрайды. Өзара тауар айналымы 10 миллиард доллар деңгейінде, бұл – ЕО елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Бүгінде Қазақстан индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруда. Осының аясында 500-ден астам кәсіпорын құрылды, 600 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Біз голландтық компанияларды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз. Біздің еліміз мұнай-газ, түсті және қара металлургия, химия салаларында өңдеуші кәсіпорындарды дамытуға қызығушылық танытады. Біз осындай өндірістерге преференция ұсынамыз және тиісті инфрақұрылымдар жасаймыз. Сондай-ақ, ақпараттық және ауылшаруашылық салаларында да ынтымақтастықты дамытуды қалаймыз», деді Н.Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, голланд­­­тық жоғары технологиялық кәсіпорындары жетістіктері көрмесінде болды. Көрмеде 25 компанияның, оның ішінде Royal Ten Cate, CLAAS, Royal Dutch Shell, Royal Philips жобалары және қазақстандық-еуропалық перспективалы бірлескен жобалар ұсынылды. Көрме аясында жалпы көлемі 328 миллион еуродан асатын екіжақты 13 құжатқа қол қойылды. Шетелдік ақпарат агенттіктерінің хабарлары бойынша әзірленді.